Петропавлда автобус кондукторы «жол полициясы» жилетін кигені үшін айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Автобус кондукторына «Жол полициясы» жилетін кигені үшін айыппұл салынды
баспасөз орталығы
1,274
оқылды

 

Қалаішілік автобуста кондуктор болып жұмыс істейтін келіншек полицияның құрал-жабдығын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. Петропавлдың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты оған айыппұл салды.

Сотта Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 675-бабы 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

– Сот талқылауы барысында 2025 жылдың 20 маусымында маршруттық автобуста азаматша Б. ішкі істер органдарының рәмізі бар арнайы нысанды, атап айтқанда «Жол полициясы» деген жилетті заңсыз кигені үшін ұсталды, – деп хабарлайды Петропавл әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соттың баспасөз қызметі.

Сот Б.-ны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, ішкі істер органдары қызметкерінің рәмізімен арнайы киім-кешек тәркіленіп, 19 660 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды. 

 Қаулы бірден заңды күшіне енді.