Отандасымыз жарыс жолын ширек финалдан бастады.
Әлем кубогы: Санжар Тәшкенбай жапониялық боксшыны жеңді
Фото: ҰОК
1,726
оқылды

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) Астанада өтіп жатқан әлем кубогы кезеңі аясында алғашқы кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Отандасымыз жарыс жолын ширек финалдан бастады. Ол бұл кезеңде жапониялық Шодай Котоға қарсы айқасты. 

ҚР ҰОК мәліметінше, Санжар Тәшкенбай жекпе-жек барысында жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, отандасымыз кем дегенде әлем кубогының қола медаліне қол жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.