Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Қазақстан Қытай мен ТМД елдеріне 4,6 мың тонна балмұздақ сатқан
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
2,040
оқылды

2025 жылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстаннан балмұздақ экспорты 41,6%-ға артып, 4,3 мың тоннаны құрады.

Экспорттың негізгі бағыттары ТМД елдері мен Қытай болып отыр.

Осы кезеңде Қазақстанға 3 мың тонна балмұздақ импортталған. Импорттық өнімнің үлесі жалпы нарықта 15,4%-ды құрады.

Балмұздақ ең көп импортталған үш ел:

Ресей – 1,5 мың тонна;

Қырғызстан – 1 мың тонна;

Түркия – 0,3 мың тонна.

Сонымен қатар  балмұздақ Өзбекстан, Швейцария, Беларусь пен Италиядан да келген.

2025 жылғы қаңтар-мамыр аралығында ел ішінде 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,1%-ға көп. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.