Бірінші тамызда елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Бұл ауқымды статистикалық іс-шара республиканың барлық өңірін қамтып, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы өзекті деректердің маңызды көзіне айналады.
Ауыл шаруашылығы санағы өтеді
Фото: рrimeminister.kz
345
оқылды

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлі­метінше, санақ екі кезеңде өтеді және 2025 жылдың 20 қазанына дейін жалғасады. Онлайн кезең – 1-31 тамыз аралығында: өсімдік және мал шаруашылығымен, ба­лық өсірумен айналысатын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ үй шаруа­шылықтары қатысуға тиіс.

Сауалнама sanaq.gov.kz сайтында өтеді. Офлайн-кезең – 20 қыркүйек-20 қазан ара­лығында: интервьюерлер онлайн-сауал­намадан өтіп үлгермеген, бау-бақ­шасы бар немесе мал ұстайтын үйлерді ара­­лайды.

Санақта 2 млн жуық үй шаруашылығын және 300 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қамту жоспар­ланған. Бүкіл ел бойынша сауалнама жүргізу үшін 3 500-ден астам интервьюер тартылады.