Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ерекше балалардың ата-аналарымен ке­зекті онлайн кездесу өткізді.
Қамқор қоғамға бір қадам
317
оқылды

Тұ­рақты ашық диалог бар проблема­ларды ашық айтып, оларды шешу жолдарын бірлесіп табуға мүм­кін­дік береді. Білім алу, медици­налық көмек, мәдени демалыс пен спорт, жұмысқа орналасудың қолжетім­ділігі басты тақырып болды.

Жиында ақыл-есі бұзылған балаларға арналған арнайы мек­теп ашу мәселесі шешілді.

– Дайындық жұмыстары жүр­гізілуде: кадрларды іріктеу, ата-аналармен байланыс, сыныптар­ды жинақтау жүргізілуде. Келер жылы Қарағанды қаласы білім бөлімінің №4 мектеп-интернаты базасында мемлекеттік және орыс тілдерінде ақыл-ойы бұзыл­ған балаларға арналған төрт сы­нып ашылады: екі нөлдік және екі 1-сынып. Сонымен қатар Telegram арнасы жұмыс істейді, онда инклюзивті және арнайы білім туралы ақпарат алуға бола­ды, – деді Қарағанды облыстық білім басқармасы басшысының орын­басары Мейіржан Сыз­дықов. 

Сонымен қатар колледждерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін де жағдай жасалуда. Бұл санатқа жататын 117 түлек бар. Оларға жұмыс та­буға көмек қолы созылмақ.

Айта кету керек, биыл Жоғары гуманитарлық колледж базасында ерекше балаларға арналған жазғы лагерь ашылды. Ол өзінің тиімді­лі­гін де көрсетті. Ата-аналар мұн­дай лагерьлердің көбірек болуын сұрайды.

– Теміртауда ата-аналардың өтініші бойынша аутизмге шалдық­қан балаларға қолдау көр­сету орта­лығын ашу жоспарланған. Жөн­­деуді қажет ететін үй-жай та­был­­­ды, – деді Мейіржан Сыз­дықов.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған шығар­ма­шылық үйірмелер мен спорт сек­цияларын дамыту бойынша да жұ­мыстар жүргізілуде. Мысалы, Қарағанды, Шахтинск және Бал­қаш қалаларында балалар мен жас­өспірімдер дойбы, шахмат, дар­тс, тоғызқұмалақ, бес асық және асық ату ойындарынан сек­циялар ашылады. Биыл Қараған­дыда аутизм және психикалық бұзылулары бар балаларға және 18 жастан асқан балаларға арнал­ған екі күндізгі орталық ашу көз­деліп отыр. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жастарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған жоба әзір­ленді. Оған ата-аналармен жұ­мыс, жаттықтырушылар даяр­лау кіреді.

Кездесуде ата-аналар қолже­тім­ді орта, денсаулық сақтау, ип­потерапияны дамыту, бейімделген жүзу, инклюзивті хореографияға қатысты мәселелерді көтерді. «Үміт» оңалту орталығының жаб­дықтарын жаңарту қажеттігі тура­лы қоғам қайраткері Нияз Сүн­детәлиев айтып өтті. Сондай-ақ мүгедек баланы бір ғана ата-ана тәр­биелеп отырған жағдайға қа­тысты мәселе көтерілді – ата-ана ауырған жағдайда баланы ешкімге қалдыра алмайды. Осындай жағ­дайда көмек сұрауға қандай да бір орталық, пансионат керек. Ерма­ған­бет Бөлекпаев мәселенің ма­ңыз­ды, өте өзекті екендігімен кел­­іс­ті. Ықтимал нұсқаларды қа­рауды тапсырды.

Аймақ басшысы қамқорлығы үшін ата-аналарға алғыс айтты. Ол қала және аудан әкімдерін ерекше балалардың ата-ана­лары­мен тұрақты байланыста болуға шақырды.

 

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы