Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында финалға қанша елдің боксшылары шыққаны белгілі болды. Финалға қазақстандық 12 боксшы жолдама алды.
Бокстан әлем кубогы: қазақ спортшыларының финалдағы қарсыластары анықталды
Фото: ҰОК
1,996
оқылды

Қазақстаннан финалға жолдама алғандар ішінде алтауы ерлер, алтауы әйелдер құрамасына тиесілі.

Сондай-ақ финалда Үндістан – 8, Бразилия – 6, Түркия мен Аустралия – 2, Филиппин, Франция, Моңғолия, АҚШ, Финляндия, Норвегия, Жапония, Болгария, Германия, Өзбекстан  1 боксшына сенім артады.

Күндізгі сессия. Сағат 14:00

  • 48 келі (Үндістан) Минакши Минакши – (Қазақстан) Назым Қызайбай
  • 55 келі Руи Ямагучи (2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Жапония) – Махмұд Сабырхан (Қазақстан);
  • 80 келі Нұрбек Оралбай (Қазақстан) – Иожерлин Сезар (Бразилиядағы әлем кубогының қола жүлдегері, Франция);
  • 85 келі Жугно Жугно (Үндістан) – Бекзад Нұрдәулетов (Қазақстан);
  • 60 келі Виктория Графеева (Қазақстан) – Ребека Де Лима Сантос (2024 жылғы әлем кубогының финалисі, Бразилия);
  • 70 келі Наталья Богданова (Қазақстан) – Лекейша Перголити (Жаңа Зеландия);
  • 50 келі Джей Бриан Барикуатро (22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының қола жүлдегері, (Филиппин) – Санжар Тәшкенбай (Қазақстан);

Кешкі сессия. Сағат 19:00

  • 51 келі Пихла Кайво-Ожа (Париж Олимпиадасының ширек финалисі, Финляндия) – Алуа Балқыбекова (Қазақстан);
  • 75 келі Суннива Хуфстад (2022 жылғы жастар арасында әлем чемпионы, Норвегия) – Надежда Рябец (Қазақстан);
  • +80 келі Елдана Тәліпова (Қазақстан) – Нупур Нупур (Үндістан);
  • 75 келі Рами Киван (2024 жылғы Еуропа чемпионы, Болгария) – Сабыржан Аққалықов (Қазақстан);
  • +90 келі Айбек Оралбай (Қазақстан) – Никита Путилов (22 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы, Германия).

Бокстан әлем кубогының финалы 6 шілдеде елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында сағат 14:00 және 19:00-де өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.