Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Астанада өтіп жатқан әлем кубогының финалында жеңіске жетті.
Назым Қызайбай бокстан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК
2,174
оқылды

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Назым Қызайбай әлем кубогының алтын медалі үшін үндістандық Минакшиға қарсы айқасты.

Тартысқа толы жекпе-жектің қорытындысы бойынша, Назым Қызайбай жеңіске жетті.

Осылайша, жерлесіміз Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.