Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті — Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкері, полковник.
Астанада полковник әскери қалашық аумағында 47 жастағы әйелді зорлаған
1,536
оқылды

Астаналық 47 жастағы тұрғын полицияға арыз жазып, танысы өзін зорлағанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, оқиға әскери қалашық аумағында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкері, полковник.

«Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады «Ордаға» елордалық ПД. 

Бұған дейін Түркістан облысында уақытша ұстау изоляторында қызды зорлаған полицей 10 жылға сотталған еді.