Биыл Қарағанды облысында 13 арнайы жұмыс орны ашылды. Жұмысқа орналасқандардың арасында есту, көру және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар бар.
Инклюзивті жұмыс орындары ашылуда
4,477
оқылды

Қарағандылық Найман Жақ­сы­горин «АСЕТ инклюзив» қоғам­дық бірлестігіне ерекше балаларға ар­нал­ған үстел ойындары бойын­ша нұс­қаушы болып жұмысқа орналасқан.

Найман мүгедектер арбасының көмегімен қозғалады. Жаңа қыз­мет­керге барынша қолайлы жағ­дай жасау үшін «АСЕТ инклюзив» үй-жайды пандуспен, тұтқалармен, арнайы жиһазбен жабдықтады.

– Мен арбамен жүретін мүге­дек­пін, бірақ қолым мен басым жұ­мыс істейді. Мен өз дағдымды пай­далана алатын жұмыс іздедім. Еңбек ұтқырлығы орталығына жү­гіндім. Онда маған «АСЕТ ин­клю­зив» қоғамдық бірлестігінде бос жұмыс орнын ұсынды. Мен келі­сіп, директормен әңгіме­лесуден өттім. Біз бұл жұмыс маған жарай­ды деген қорытын­дыға келдік, – деді Найман Жақ­сыгорин.

Биыл Қарағанды облысында 13 арнайы жұмыс орны ашылды. Жұмысқа орналасқандардың ара­сында есту, көру және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар бар.

Тағы бір қарағандылық Алмас Мырзаханов есту қабілетінде күр­делі проблемалары барына қа­ра­мастан, «АлтынПласт» ком­пания­сында терезе монтаж­даушысы бо­л­ып жұмысқа орналасқан. Ар­найы жұмыс орындарын құра­тын жұмыс берушілерге мемлекет суб­си­диялар төлейді. Жалдаушы­ларға жаңа қызметкердің жұмыс орнына кіруіне қажетті пандус­тар­ды немесе өзге де жабдықтарды ор­нату шы­ғын­дары өтеледі. Бұдан басқа, мем­ле­кеттік субсидиялар ерекше мұқ­таж­дықтары бар адам­дар­дың ең­бе­гіне ақы төлеу шы­ғын­дарын іші­нара өтейді. Жұмыс­тың бірінші жыл­ында мемлекет жа­ла­қының 70%-ын жабады, егер ол 30 АЕК-тен аспаса. Екінші жылы ­– 65% және үшінші жылы – 60%.

Қарағанды облысында былтыр 1 318 мүгедек жұмысқа орналас­тырылды. Есту және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін 13 арнайы жұмыс орны құрылды. Биыл да 13 арнайы жұмыс орны ашылды, соның ішінде тірек-қозғалыс ап­пара­ты бұзылған жұмыс іздеушілер үшін де орындар бар.

 

С.БЕГІМБАЙ