Жаз мезгілі басталысымен кішкентай бүлдіршіндерге арналған лагерьлер жұмысын қарқынды жүргізе бастайды. Балаларға арналған лагерьлердің негізгі мақсаты – бүлдіршіндерді еңбекке баулып, ұлттық тамырдан ажырамауды көздейді. Жақында осы мақсаттағы тағы бір лагерьдің ашылу салтанаты өтті.
Jas Qazaq этнолагері ашылды
3,928
оқылды

«Отандастар қорының» бас­тамасы шетелдегі қазақ бала­­ларына арналған Jas Qazaq ла­ге­рінің шымылдығы түріліп, кіш­кентай демалушыларға қыз­метін бастап кетті. Аталған этно­лагерь Бурабайдағы IQanat High School of Burabay базасын­да ресми түрде ашылып, шетел­де тұратын этникалық қазақ ба­лаларының басын қосты.

Іс-шараны Қазақстан Рес­публикасы Сыртқы істер ми­нистр­лігіне қарасты «Отан­дас­тар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдас­тырды. Jas Qazaq лагері – ше­тел­дегі қазақ балаларын тарихи Отанымен рухани және мәдени тұрғыда жақындастыратын бі­регей жоба. Биылғы маусым – аталмыш жобаның бесінші рет өткізілуі. Бұған дейін 700-ден астам қандас бала қатысқан бол­са, биыл АҚШ, Түркия, Поль­ша, БАӘ, Ресей, Моңғо­лия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытай елдерінен келген 150-ге жуық этникалық қазақ балалары келіп отыр.

Лагерь 7-20 шілде аралы­ғында өтеді. Қатысушылар қа­зақ тілі, тарихы, салт-дәстүрі мен ұлттық ойындарды меңге­ріп, киіз үй құру, атқа міну, дом­быра тарту сияқты практикалық сабақтар арқылы ұлттық құнды­лықтарды жан-жақты игереді. Сонымен қатар еліміздің жоға­ры оқу орындарының қатысуы­мен өтетін білім көрмесіне қа­тысып, әртүрлі елден келген за­мандастарымен достық бай­ла­ныс орнатады. Этникалық қазақ балаларына түрлі та­ным­дық жобаны ұйымдастыру олар­дың атамекенін танып-білуіне оңтайлы мүмкіндік туғызуда.

«Отандастар қорының» ви­це-президенті Алибек Жұрқа­дам биыл лагерьге 150-ге жуық баланың қатысып жатқанын және алдағы уақытта қатысу­шылар санын арттыру, жобаны кеңейту жоспары бар екенін атап өтті.

«Бұл – шетелдегі қазақ ба­лалары үшін ерекше әрі ма­ңыз­ды жоба. Олар атамекеніне ке­ліп, ана тілін, мәдениетін, ұлт­тық болмысын жүрекпен сезінеді. Мұнда балалар тек де­ма­лып қоймай, өз тамырын те­реңірек танып, рухани байып қайтады», – деді «Отандастар қо­рының» вице-президенті А.Жұрқадам.

Jas Qazaq лагері – Қазақ­станның шетелдегі этникалық қазақтарға бағытталған мәдени-гуманитарлық қолдау саясаты­ның жарқын көрінісі. Мәдени демалыс жобасы өскелең ұрпақ­қа қазақтың төл мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын сіңіруді көздейді.

 

С. БЕГІМБАЙ