Алматы – онкологиялық науқастарға арналған химиотерапиялық препараттарды дайындауда жоғары технологиялы KiroOncology роботын пайдаланатын Қазақстандағы алғашқы қала.
Алматыда химиотерапиялық препараттарды робот дайындайды
Фото: gov.kz
444
оқылды

Алматы онкологиялық орталығында химиотерапиялық препараттарды дайындайтын роботтандырылған жүйе – KiroOncology енгізілді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Бұл жүйе бұған дейін Еуропа мен АҚШ-тың медициналық мекемелерінде қолданылған. Бұл – Қазақстанда мұндай технологияны алғаш рет пайдалану, онкологиялық тәжірибеде автоматтандыру мен қауіпсіздікті арттыру жолындағы маңызды қадам.

Роботтандырылған құрылғы не істейді?  

- Препарат дозасын дәл есептейді, адам факторын болдырмайды,  

- 360 градустық камера мен кескін базасы арқылы дәрі-дәрмекті анықтайды,

- Штрих кодтарды тексеріп, компоненттерді араластыруға дейін және кейін өлшейді,  

- Дозалау мен таңдау қателіктерін болдырмайды,  

- Қауіпті заттармен жанасуды азайта отырып, пайдаланылған материалдарды өздігінен жояды.  

Бұл технология дәрі-дәрмектерді қолмен дайындаған кезде бұрын цитотоксикалық заттармен байланысқа түсуге мәжбүр болған медициналық қызметкерлер үшін қауіпті айтарлықтай төмендетеді.

KiroOncology роботы екі механикалық манипулятормен жабдықталған, олар препараттарды флакондарға құю және араластыру процесін орындайды. Процесс аяқталғаннан кейін құрылғы пайдаланылған бөтелкелер мен шприцтерді химиотерапия қалдықтарымен жанасуды болдырмай, автоматты түрде тығыздалатын герметикалық контейнерде жояды.

Орталық жұмысындағы қосымша технологиялар.

Роботтан басқа, Алматы Онкологиялық орталығында KiroLink платформасында Kiro Assist жүйесімен жабдықталған BiOptima IT II класты қауіпсіздік ламинарлық бокстары да пайдаланылады. Бұл бокстар цитостатикалық препараттарды қолмен сұйылтуға мүмкіндік береді, бірақ бақылаудың барлық кезеңдерін сақтай отырып: препаратты сәйкестендіру, штрих кодты тексеру, өлшеу, визуалды бақылау және құжаттау.

Көптеген онкологиялық мекемелерде  химиопрепараттар әлі де әдеттегі ламинарлық шкафта дайындалады, бұл қызметкерлер мен науқастар үшін қауіп төндіреді. Роботтандырылған жүйені енгізу – бұл тек технологиялық жаңалық емес, сонымен қатар Қазақстандағы онкологиялық көмектің қауіпсіздігін, дәлдігін және заманауилығын арттыру жолындағы маңызды қадам.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.