Медициналық көмекке 14 адам жүгінген.
Атырауда 14 адам бассейнге түсіп, уланған
3,528
оқылды
Атыраудағы бассейндердің бірінде шомылған адамдардың денсаулығы нашарлап, олар хлордан уланған болуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Медициналық көмекке 14 адам жүгінген.
"Ауруханаға 3 адам жатқызылған, олардың жағдайы тұрақты. Қалған тұрғындар дәрігерлердің бақылауында",  деп жазылған хабарламада.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, ауа мен судан сынама алынды. Хлор буы шекті мөлшерден аспаған, зертханалық талдау жұмыстары жалғасып жатыр. Ал полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр. Облыс әкімі Денсаулық сақтау басқармасына зардап шеккендердің жағдайын бақылауда ұстауды міндеттеді. Бұған қоса, өңірдегі бассейндер мен аквапарктерді тексеруге тапсырма берілді.