Нағашысы, ел ішінде "балаларға бұтын уқалатқан уағызшы" деген атпен танымал болған Әбдужаппар Сманов та әнші Айдарды "бұл менің жиенім" деп мақтанышпен айтатын жері бар.
«Медреседегі шәкірттерге кітапхана салынады»: әнші Айдар Тұрғанбектің басы дауға қалды
811
оқылды

"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбек әлеуметтік желідегі  парақшасында нағашысы, "Сарыағаш" медресесінің имамы Әбдужаппар Смановпен кездескен видеосын жариялап, сынның астында қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеода әнші Айдар нағашысымен жолығып, онымен сұхбаттасып отырғаны жарияланған. Сондай-ақ видеоға "Сарыағаш медресе де 1000 шәкіртке үлкен кітапхана салынады Алла қаласа" деп жазылған. 

Нағашысы, ел ішінде "балаларға бұтын уқалатқан уағызшы" деген атпен танымал болған Әбдужаппар Сманов та әнші Айдарды "бұл менің жиенім" деп мақтанышпен айтатын жері бар. 

Әйтсе де, "ұстаз" деп әспеттеп бөліскен осы видеосымен Айдар Тұрғанбек әжептәуір сынның астында қалды. 

Видеоға қатысты  "ұстаз дейтіндей қай пәннен сабақ береді бұл?", "мына вахабистерден құтылмай біз ел болмаймыз", "Сирия, Ауғанстанға жіберетін армия дайындап шығармаса матуриди салафиттер" деген сыңайда пікір жазып жатыр. 

Десек те, Смановты әулие санап, пір тұтатындар да аз емес екен. "Әбдужаппар ұстаз ұлы адам" дегенге саятын пікірлер де бар.