Рөлге отырған әрбір жүргізуші мен жолға шыққан әр жаяу жүргінші – үлкен жүйенің бір бөлшегі. Алматы облысында жол үстіндегі тәртіп пен қауіпсіздік үшін күрес енді жаңа деңгейге шықты: полиция жасырын патрульдер мен «ақылды» камералар арқылы жолдағы тәртіп бұзушыларды қатаң бақылауға алды.
Жаңа технология жол қозғалысын реттейді
2,883
оқылды

Цифрлық технология көмегімен жүргізіліп жатқан бұл операциялар адам өмірін аман сақтауға бағытталған. Облыстағы жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін қауіпті учаскелерде, соның ішінде Талғар бағыты бойынша жолдарда, полицейлер заманауи цифрлық технологияларды қолдана отырып, жол қозғалысын бақылауды күшейтті.

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция қыз­мет­керлері жол қозғалысы ереже­лерінің бұзылуын анықтап, алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды. Шараға заманауи техникалық құралдар тартылып, жасырын әрі тиімді бақылау жүйесі жүзеге асырылды.

Полицияның мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы жартыжыл­дығында облыс аумағында 1 447 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл – адам өмірі мен тағдырына тікелей әсер ететін маңызды деректер. Осы­ған байланысты өңірде жол апат­тарының алдын алу үшін жүйе­лі шаралар қабылданып, техника­лық мүмкіндіктер белсенді түрде пай­даланылуда.

Талғар тас жолында бірнеше техникалық құралдарды қамтитын жасырын патрульдеу жүйесі енгіз­іл­ді: дрондар – әуеден қауіпті мане­вр­лер мен қарсы бағытқа шығу жағ­дай­ларын бақылап түсіреді; EKIN PATROL жүйесі – көлік нөм­ір­лерін автоматты түрде анықтап, жылдамдықты асыру, техникалық байқаудан өтпеу, сақтандыру поли­сі­нің болмауы секілді құқықбұзу­шылықтарды тіркейді; жасырын пат­рул­ьдер – арнайы белгілері жоқ автокөліктер, олар нақты уақыт ре­жимінде жүргізушілердің әрекет­терін бақылап, полицияның тіке­лей қатысуынсыз өрескел заңбұзу­шы­лықтарды тіркей алады.

– Қазіргі технологиялар жағ­дай­ды алдын ала болжауға және оған әсер етуге мүмкіндік береді. Жүр­гізушілер әдетте стационарлық бекеттер мен патрульдік көліктерге үйреніп қалған. Ал жасырын пат­руль нақты жолдағы жағдайды ашып көрсетіп, ауыр салдардың алд­ын алуға көмектеседі, – деді полиция өкілдері.

Тек 2025 жылдың өзінде Алматы облысының полицейлері жол қоз­ға­лы­сы ережелерінің 110 мыңға жуық бұзушылығын анықтаған. Атап айтқанда, техникалық ақауы бар көлік жүргізу – 11 029 жағдай, тоқтау және тұру ережелерін бұзу – 2 542 жағдай, қарсы жолаққа шығу­ – 615 жағдай, мас күйде көлік жүргізу – 479 жағдай, жаяу жүр­гіншілермен байланысты бұзушы­лы­қтар – 13 697 жағдай.

– Әрбір бұзушылықтың арт­ында ықтимал апат тұруы мүмкін. Жол­дағы бақылау шаралары жаза­лау үшін емес, қайғылы жағдай­лардың алдын алу үшін жүргізіледі. Жүргізу­ші бақылау көзге көрінбесе де, оның бар екенін түсінуі керек. Біз­дің басты мақсатымыз – жолда­ғы тәртіпті қал­ыптастырып, адам өмірін сақтау, – деп атап өтті вед­ом­ство­да.

Сондай-ақ қазіргі таңда Еңбек­шіқазақ ауданында жол-көлік оқи­ғаларының алдын алу және апатты азайту мақсатында белсенді профи­лак­тикалық жұмыс жалғасуда.

9–18 шілде аралығында аудан аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Пат­руль­дік полиция ротасының қыз­мет­керлері күн сайын жол қоз­ға­лы­сы ережелерінің адам өміріне қауіп төндіретін өрескел бұзушы­лықтарын анықтауда.

Назарда – қарсы қозғалыс жола­ғына шығу, көлікті мас күйде немесе есірткілік әсермен жүргізу, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару, жылдам­дықты арттыру, жаяу жүр­гіншілерге жол бермеу және бағ­дар­шам сигнал­дарын елемеу сияқты әрекеттер.

Жыл басынан бері Еңбек­ші­қазақ ауданында 9445 жол ере­жесін бұзу фактісі тіркелген. Атап айт­қан­да, көлік құралын пайдалану ере­жесін бұзу –1 128 дерек, құжат­сыз көлік жүргізу немесе көлікті жү­р­­гізуші куәлігі жоқ тұлғаға беру – 171 жағдай, қауіпсіздік бел­беулері мен мотошлемдерді пайда­ланбау – 559, қарсы жолаққа шығу – 36, жаяу жүргіншілерге жол бер­меу – 116, мас күйінде көлік жүр­гізу – 53, тоқтау және тұру ере­желерін бұзу – 241, жаяу жүргінші­лер тарапынан орын алған құқық­бұзушылықтар – 1 888 дерек.

Басты мақсат – тек заңбұзушы­лықты анықтау емес, сонымен қатар алдын алу. Осы бағытта көлік жүр­гізушілерімен және жаяу жүр­гін­ші­лермен тұрақты түрде түсін­діру жұ­мыстары жүргізіліп, жолда­ғы қау­іп­сіз­дік туралы жадынамалар мен ақпараттық парақшалар тара­тылуда.

 

Ә.МҰХАНБЕТ