2005 жылы жол апатына түсіп, содан бері жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан Сауд Арабиясының ханзадасы Аль-Валид бин Халед бин Талал Аль Саду 19 шілдеде қайтыс болды. Ол 20 жыл бойы комада болған, деп жазады Zakon.kz.
20 жыл "ұйықтаған" Сауд Арабиясы ханзадасы қайтыс болды
Фото: интернеттен алынды
1,243
оқылды

Siasat Daily ақпаратына сай, ханзада 35 жасында дүние салған. Комаға түскен кезде ол 15 жаста болған.

"Жол апатынан соң жас жігітті король Абдулазиздің Эр-Риядтағы медицина қаласына ауруханаға жатқызған. Онда оны өкпені жасанды желдету аппаратына жатқызып, ұдайы медициналық бақылау жасалған. Оның әкесі, беделді ханзада Халед бин Талал АҚШ, Испания секілді әлемнің түрлі елінен үздік мамандарды тартқанымен, дәрігерлердің қолынан ештеңе келген жоқ",- делінген хабарламада.

Жігіттің әкесі баланы жасанды желдету аппаратынан алып тастауға мүлдем қарсы болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.