Фариза Төреәлі ағасы мен жеңешесінің көшкенін жариялап, отбасылық қуанышымен бөлісті.
"Жаңа ортаға бейімделіп жатыр": әнші Төреғали Төреәлі қайда көшіп кеткені белгілі болды
1,206
оқылды

Танымал әнші Төреғали Төреәлі Алматыдан Астанаға қоныс аударды. Бұл туралы оның қарындасы Instagram желіcінде жазды, деп хабарлайды Аikyn.kz.

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі ағасы мен жеңешесінің көшкенін жариялап, отбасылық қуанышымен бөлісті.

“Ағам мен жеңгем Астанаға көшіп барды. Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Қазір жаңа ортаға бейімделіп жатыр. Енді бәріміз бір қалада тұрамыз”, – деп жазды ол.

Бұған дейін әнші Төреғали Төреәлі үшінші ұлының тұсауын кескенін хабарлаған едік.