Парламент Сенатының депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Руслан Рүстемов, партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жұмыс сапары барысында Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық аурухана ғимаратына блок толықтыра отырып қайта жаңғырту жұмыстарын зерделеді.
Аурухана қайта жаңғырмақ
4,234
оқылды

Көпбейінді орталық аурухана ғимаратына блок толықтыра отырып қайта жаңғырту жұмыстары басталып қазір екінші қабатын көтеріліп жабу кезеңіне келді. 2025 жыл қазан-қараша айына құрылыс жобасы толық аяқталып, 1 қабатында МРТ және Ангиограф құрылғысы орнатылса, 2 қабатында 9 төсек орынды инсультті бөлімшесін орналастыру жоспарлануда. Қазір аурухананың құрал-жабдықтармен жабдықталуы 90,0%-ды құрап отыр.

Депутат мердігер ұйым өкілдері­мен, денсаулық сақтау мекемесінің бас­шылығымен және медицина қыз­мет­керлерімен тілдесіп, жобаның іске асу барысын талқылады. Құрылыс ­қар­қы­ны мен сапасына ерекше назар аударылды.

Сенатор өз сөзінде медициналық инфрақұрылымды жақсарту  халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы басты факторлардың бірі екенін атап өтіп, мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласына тұрақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Елнар ЕЛТАЙ