«AMANAT» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы ғимаратында облыс әкімі Асхат Шахаров азаматтарды қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады.
Тұрғындардың үніне құлақ түрді
4,902
оқылды

Қабылдау­ға партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әсел Сарманова, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева және басқарма басшылары қатысты. 

Алдын ала қабылдауға 15 адам жазы­лып, олардың 11-і келіп, өзекті мәселелерін жеткізді. Кездесу барысында тұрғын үй­мен қамту, әлеуметтік қорғау, экология­лық жағдай және инфрақұ­рылым жайы сияқты маңызды сұрақтар талқыланды.

Өтініштер тек Ақтөбе қаласынан емес, сондай-ақ облыстың аудандарынан да келіп түсті. Мысалы, Ырғыз ауданы­ның тұрғыны Б. Нысанбаев Амангелді ауылдық округіндегі жолдардың жағдайы мен экологиялық ахуалды көтерсе, шалқарлық кәсіпкер М. Көшетов тұр­мыстық қалдық тасымалына арналған техника алуға қолдау сұрады. Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар да әлеуметтік көмек мәселесін қозғады. 

Облыс әкімі Асхат Шахаров халық­пен тұрақты кері байланыстың маңы­зын атап өтті.

«Азаматтарды тыңдау, олардың мұң-мұқтажын түсініп, заң аясында шешу жолдарын табу – біздің басты міндетіміз. Біз тұрғындармен ашық диалогке дайын­быз», – деді облыс әкімі.

Қабылдау барысында айтылған барлық өтініш бақылауға алынды. Кейбір мәсе­лелерді шешу уақытты қажет етеді, ал өзгелері тиісті орган­дар­дың қатысуымен жұмыс тәртібінде қаралады.

Елнар ЕЛТАЙ