Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Ж.Молдағалиев көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 22-25 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.