Полициядан жасөспірімдер мен ата-аналарға кеңес.
Жазғы демалысты құқықбұзушылықсыз қалай өткізуге болады?
Фото: gov.kz
624
оқылды

Жаз мезгілі  — демалыс уақыты, алайда бұл кезеңде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар саны артуы әбден мүмкін. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жазды қауіпсіз өткізуге көмектесетін маңызды әрі қарапайым кеңеспен бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кешкі уақытта ересектерсіз жүру – тек заңбұзушылық емес, нақты қауіп. Мұндай жағдайда жауапкершілік ата-аналарға да жүктелуі мүмкін.

Күмәнді ортадан аулақ бол! Ұрлыққа, төбелеске немесе басқа да заңсыз әрекеттерге итермелейтін адамдармен араласудан сақтан. Қарапайым қалжыңның өзі соңы қиын жағдаймен аяқталуы мүмкін.

Интернетте  сақ бол! Бейтаныс адамдармен сөйлеспе, қауіпті челлендждерге қатыспа, жеке мәліметтеріңді таратпа.

Отбасындағы сенім – басты шарт. Балаңыз қайда жүргенін, кіммен және немен айналысып жүргенін біліп отырыңыз. Ашық диалог – кез келген келеңсіздіктің алдын алудың ең тиімді жолы, - делінген полициялардың ескерту хабарламасында.

Заң мен тәртіпті сақтау - қауіпсіздік кепілі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.