Құны 1,9 миллиард теңгені құрайтын бұл жобаны «Основание» ЖШС қолға алған. 2023 жылдың тамызында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы берілгеннен кейін, құрылыс жұмыстары 2025 жылдың ақпанында басталған.
Құрылыс алаңына барған партиялық бақылау комиссиясының мүшелеріне мердігер компания өкілдері жұмыстың белгіленген мерзімге сай жүріп жатқанын және ешқандай кедергі туындамағанын айтты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 40 пайыздан астамы аяқталған. «Основание» ЖШС өкілдері нысанды белгіленген кестеге сай, сапалы әрі уақытылы аяқтайтындарын мәлімдеді. Өз кезегінде партиялық бақылау комиссиясы бұл жұмысты тұрақты түрде назарда ұстайтынын жеткізді.
Жаңа балабақша заманауи талаптарға сай салынбақ. Бұл жоба облыс орталығындағы білім беру инфрақұрылымының дамуына тың серпін беріп, бүлдіршіндерге қолайлы орта қалыптастыруға жол ашады.