Министрліктің мәліметінше, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгеніне қарамастан, денсаулық сақтау саласында мынадай жүйелі мәселелер сақталып отыр.
«Емделу оңайға соқпайды»: Енді Қазақстандағы медициналық қызмет құны қымбаттайды
1,093
оқылды

Енді Қазақстанда медициналық қызметтердің 9 негізгі бағыты бойынша тарифтер көтеріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап Finratings.kz сайты мәлімдеді.

Неге тарифтер өседі?

Министрліктің мәліметінше, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгеніне қарамастан, денсаулық сақтау саласында мынадай жүйелі мәселелер сақталып отыр:

  • Халықтың медициналық сақтандырумен қамтылу деңгейінің төмендігі;
  • Мемлекеттік және сақтандырылған қызметтердің аралас пакеті;
  • Қаржыландыру тапшылығы.

МӘМС реформасы: не өзгереді?

Өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев МӘМС жүйесін реформалау туралы заңға қол қойды. Министрлік бұл заңдағы маңызды жаңалықтардың бірі ретінде МӘМС жарналары есептелетін табыс шегінің 10-нан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін өсуін атап өтті.

Бұл жоғары табысы бар азаматтар үшін жүйеге қатысудың әділеттілігін арттырады және жыл сайын қосымша 200 миллиард теңгеге дейін қаражат жинауға мүмкіндік береді, – делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар:

  • Жұмыссыздар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін жарнаны жергілікті атқарушы органдар төлейді;
  • Сақтандырылған азаматтардың мәртебесі төлем болмаған жағдайда да 6 ай бойы сақталады (бұрын бұл мерзім – 3 ай болған).

Медициналық қызметтердің тарифі қалай өзгереді?

Министрліктің хабарлауынша, МӘМС жүйесіне түсетін қосымша қаражат мына мақсаттарға бағытталады:

  • Басым бағыттар бойынша тарифтерді көтеру;
  • Онкология және онкогематология қызметтерін қаржыландыруды арттыру;
  • Жедел жәрдем және алғашқы медициналық-санитариялық көмекке (ПМСП) қолдауды күшейту.

2026 жылдан бастап мына 9 негізгі медициналық бағыт бойынша тарифтер айтарлықтай өседі:

  1. Инфекциялық аурулар
  2. Кардиология
  3. Неврология
  4. Нефрология
  5. Гастроэнтерология
  6. Травматология
  7. Эндокринология
  8. Абдоминалдық хирургия

Жоспарланған қосымша қаржыландыру көлемі – 90 миллиард теңгеден асады.

Министрлік атап өткендей, бұл 6 жылдан бері бірінші рет стационарлық сектордағы шығындарды жаппайтын тарифтерді қайта қарауға мүмкіндік береді.