Аталған Меморандум жобасы жұмыс тәртібімен Қазақстан Республикасына жолданғаны хабарланды. Қазіргі уақытта құжат Қазақстан тарапының тиісті құрылымдарында қаралу үстінде.
Киіктерді Өзбекстанға беру мәселесі мемлекетаралық деңгейде шешіледі — Экология министрлігі
463
оқылды

Биыл 22 шілдеде Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің ресми сайтында Өзбекстан мен Қазақстан арасында киікті сақтау және популяцияны тұрақтандыру саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюға дайындық барысы туралы ақпарат жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аталған Меморандум жобасы жұмыс тәртібімен Қазақстан Республикасына жолданғаны хабарланды. Қазіргі уақытта құжат Қазақстан тарапының тиісті құрылымдарында қаралу үстінде.

Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл құжаттың маңыздылығын, сондай-ақ киік – халықаралық деңгейде қорғауға алынған биологиялық түр екенін ескере отырып, ұсынылған бастаманы жан-жақты зерделеу қажет екенін атап өтеді. Министрлік мәлімдегендей, мұндай келісімдер тек бір ведомство аясында ғана емес, сонымен қатар ғылыми қауымдастықтың, табиғатты қорғау саласындағы уәкілетті органдардың қатысуымен жан-жақты талқылауды талап етеді.

Ең бастысы, министрлік киік сияқты жануарлар дүниесін бір елден екінші елге беру – тек экологиялық немесе ғылыми мәселе емес, мемлекетаралық сипаттағы мәселе екенін ерекше атап өтті. Яғни, мұндай қадам тек екіжақты келіссөздер негізінде, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының жоғары деңгейдегі шешімі арқылы ғана іске асырылуы мүмкін.

 

Соған байланысты Меморандум жобасын келісу процесі уақытты талап ететін көпсатылы рәсімдерден тұрады. Қазақстан тарапы халықаралық міндеттемелер мен ұлттық заңнама талаптарын басшылыққа ала отырып, бұл бастаманы мұқият зерделеуге дайын екенін білдіреді.