Оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді.
Шерзат ісі: сотталғандардың бірі бостандыққа шықты
818
оқылды

Шерзат ісіне қатысты сотталғандардың бірі Думан Ысқақ қамаудан босатылды,  деп хабарлады Aikyn.kz. Бұл туралы оның адвокаты Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Оның сөзінше, Шерзат ісі бойынша апелляциялық сот мәжілісі 18 тамыз күні сағат 11:00-де Алматы облысы сотының ғимаратында өтеді.

"Думан Ысқақ бірінші сатыдағы соттың үкімі бойынша тағайындалған жазаны өтеп қойғандықтан, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, ол қамаудан босатылды", – деді Мейірман Шекеев Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы бойынша – «Қылмыс туралы хабарламау» айыбы тағылған болатын. Оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді.