Сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмаларын халыққа түсіндіруге орай республика аймақтарына аттанған болатын. Олар жергілікті басшылармен, мәслихат депутаттарымен, мамандармен және тұрғындармен кез­десті. Онда әлеуметтік-экономикалық даму, өндірісті жаңғырту, транзиттік әлеуетті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.
Сенаторлар елде жүр
4,920
оқылды

Сенаттың Конституциялық заң­нама, сот жүйесі және құқық қор­ғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров пен депутат Айгүл Қапбарова Шым­кент қаласындағы Абай ауданы­ның тұрғындарымен кездесті. Депутат­тар өткен парламенттік сессияның негізгі қорытын­ды­лары, заңнама­дағы кейінгі өз­герістер және мем­лекеттік саясат­тың негізгі бағыт­тары туралы хабардар етті. Хал­­ықтың өмір сүру сапасын арттыру, аза­маттардың құқығын қорғау және сот төрелігі жүйесін жетілдіру жөн­індегі түзе­тулерге ерекше на­зар аударылды. Қала тұрғындары қалалық инфра­құрылым, әлеумет­тік нысандар құрылысы, комму­нал­дық қызмет, абаттандыру, бизнесті дамыту, білім беру және денсаулық сақтау туралы сұрақтар қойды. Сенатор­лар Шымкент қа­ласына жұмыс сапары барысында Момынов пен Тіленшин көшелер­індегі теміржол өткелдерінің құры­лысымен тан­ыс­ты, жеңіл өнер­кә­сіп және қыз­мет көрсету кол­ледж­інде де болды. Олар оқу орнының материалдық-техникалық жаб­дық­талуы туралы хабардар болды, аудиториялар мен зертханаларды көріп, педагог­тер­мен және сту­дент­термен әңгіме­лесті. 

Сенат депутаттары Бекболат Орын­беков пен Сәкен Арубаев Жамбыл облысындағы Меркі және Қордай аудандарында болды. Мер­кі ауданында жылу қазан­дықтардың жай-күйімен және жылыту маусы­мы­на дайындықпен танысты. Олар А.Қосанұлы атын­дағы №18 орта мек­тептің жылу құбырын ауыстыру жұмысына куә болды. Мұнда бү­гін­де жұмыстың 80%-ы орындалды. Депутаттар сондай-ақ «Ауыл аман­аты» бас­тамасы аясында жобалар­ды жүзеге асыратын кәсіпкер­лер­мен де кездесті. Депутаттар Екпінді ауыл­ында жеңілдетілген тәртіппен қар­жы алған бизнестің даму бары­сымен танысты. Андас батыр ауыл­ында сумен жабдықтау және ауыл шаруа­шылығына арналған негізгі нысан – суару каналының құрылы­сын көріп шықты. Сенат­орлар Қор­дай ауданында аудандық орта­л­ық аурухана мен Д.Қонаев атын­да­ғы №1 мектеп-гимназияда бол­ып, білім беру және денсаулық сақ­тау сапасы мәселелерін талқы­ла­ды, сондай-ақ алдағы жылыту мау­сы­м­ына қазандықтың дайын­ды­ғы­мен танысты. «Жайлы мек­теп» ұлттық жобасын жүзеге асы­ру­ға да ерекше назар аударылды. Депутаттар сондай-ақ Қарасу және Қаракемер ауылдарындағы жаңа білім ұясының, сондай-ақ Сортөбе ауылындағы Мәншүк Мәметова атындағы мектепте қазандықтың құрылысымен танысты.

Сенат депутаты Әлібек Нәу­тиев Атырау облысындағы ден­саулық сақтау саласының жай-күйі­мен танысты. Ол бірқатар медициналық ұйымдарда болып, басшылары және мамандарымен саланың қаз­ір­гі жағдайы, сондай-ақ оның одан әрі даму келешегін талқылады. Атырау облыстық перинаталдық орталықта аналар мен балаларға көмек көрсететін мекеменің қыз­меті жан-жақты таныс­тырылды. Дәрігерлермен кез­десу барысында мамандармен қамтамасыз ету, тех­никалық жа­рақ­тандыру және көрсетілетін перинаталдық көмек­тің сапасы туралы мәселелер қоз­ғалды. Сен­ат­орға өңірдегі ден­сау­лық сақтау саласының қазіргі жағ­­дайы мен жоспарланған жоба­лар туралы ақпарат айтылды. 

Сенат депутаттары Арман Өте­ғұлов пен Ләззат Рысбекова Орал қаласында Су ресурстары және ир­ригация министрінің орынба­сары Ерболат Ибрайхановпен бірге әкімдіктің, «Қазсушар» РМК және фермер қожалықтары өкіл­дерінің қатысуымен су шаруашы­лығын дам­ыту мәселелері бойын­ша кең­ейтілген кеңес өткізді. Онда суару инфрақұрылымының жай-күйі, су тапшылығы және су рес­урс­тарын басқарудың заманауи тәсілдерін енгізу туралы саланың ағымдағы мәселелері талқыланды. Сенатор Ар­ман Өтеғұлов аграрлық сектор­ды сумен тұрақты қамтама­сыз ету жүйелі тәсілді, мекемеара­лық өз­ара іс-қимылды және заң­намалық деңгейде қолдауды талап ететінін атап өтті. Сенатор Ләззат Рыс­бекова фермерлермен және су пай­даланушылармен тығыз диа­лог жүргізу қажетін атап өтті.

Сенат депутаттары Жанна Аса­нова мен Нурия Ниязова Ал­ма­ты­дағы басты спорт нысандары­ның басшыларымен кездесті. Онда «Алматы қаласының спорт ғи­мараттарының дирекциясы» ЖШС басшылары, сондай-ақ «Спорт-жаттығу кешені», «Орта­лық стадион» және биік таудағы «Ме­деу» мұз айдыны сияқты көр­нек­ті нысандардың басқару­шы­лары талқылауға қатысты. Сена­торлардың айтуынша, еліміздегі халық ең көп баратын спорт кеш­енін жаңғырту кезінде эколог­иялық тепе-теңдікті сақтау мен келу­ші­лерге қолайсыздық туғыз­бауға ер­екше назар аудару керек. Кез­десуге қатысушылар «Медеуді» бұқаралық және балалар спортын дамытуға бағдарланып,  келешекте әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізе ала­тын халықаралық спорт және тур­изм орталығына айнал­дыру ісін талқылады.

Сенатор Амангелді Нұғманов Ақ­төбе облыстық Полиция депар­та­ментінің жұмысымен, жеке құра­мның қызметімен және негізгі бөл­ім­шелерімен танысты. Құқық қор­ғау органдарының де­ректері бойынша облыста тұрақты ахуал сақ­талып отыр. Интернеттегі ал­аяқ­тық, есірткінің заңсыз айна­лы­­мы, жастар арасында діни бүл­діргі идея­лардың таралуы, сондай-ақ әйелдер мен балалардың құ­қық­­тарын қорғау басты назарға алын­ды. Сенатор қоғамдық тәр­тіпті қам­тамасыз ету мен құқық­бұзу­­шылықтың алдын алудағы ж­әне азаматтарды қорғаудағы полиция­ның маңызды рөлін атап өтті. Ол жер­гілікті құқықтық тәр­тіп орган­дар­ының тиісті материал­дық-тех­никалық жарақтандырыл­ғаны және жұмысына лайықты тұрмыс­тық-әлеуметтік жағдаймен қамта­масыз етілгеніне тоқталды. Депут­ат 10 мыңнан астам камера­сы бар бей­небақылау жүйесімен жабдық­тал­ған жедел басқару орталығында да болды. 

Сенаторлар Ғалиасқар Сары­баев пен Амангелді Толамисов Ал­маты қаласының таулы айма­ғын­дағы мұздық көлдер мен гидро­техникалық құрылыстардың жай-күйімен танысты. Мұздық­тар­дың күрт еруі кезеңінде төтен­ше жағ­дай­лардың алдын алу, ин­женерлік құрылыстарды жаңғырту, жағалау сызығын нығайту және алдын алу шараларын уақтылы жүргізу мәсе­лелеріне ерекше назар аударылды. Амангелді Толамисов гидро­тех­никалық инфрақұрыл­ымды күтіп-ұстауға және дамы­туға тың көзқа­рас керек екенін айта келіп, кли­­мат­тың өзгеруі мен халық санының өсуі жағдайында мегаполистің тұрақты дамуы үшін маңызды­лы­ғын атап өтті. Олар «Қазтелерадио» АҚ-да болып, «Көк­төбе» телемұн­арасының жұмысымен танысты. Ғалиасқар Сарыбаев Ұлттық қау­іп­сіздік комитетінің акаде­миясында бол­ды. Онда үміткер­лерді іріктеу рә­сімдерімен, қыз­мет­керлерді даяр­лау мен қайта даярлау жөн­індегі білім беру бағдарламасымен, тәрбие жұмысы және академияның материалдық-техникалық базасы­мен танысты. 

Сенатор Айнұр Арғынбекова Абай облысындағы Абай және Бесқарағай аудандарында болды. Онда ауылдағы дәрігерлік мекеме­л­ердің жай-күйіне және балалар­дың жазғы демалысын ұйымдас­тыруға назар аударылды. Депутат Абай ауданында болған кезде Орда, Медеу және Саржал ауыл­дар­ындағы жаңа фельдшер-аку­шер­лік бекеттердің жұмысымен таныс­ты. Дәрігерлік мекемелер ұлт­тық жобаның арқасында салы­н­ып, пайдалануға берілген бола­тын. Алайда аумақты абаттандыру, септик салу, ішкі үй-жайларды жа­р­ақ­тандыру мәселелері шешіл­мей отыр. Депутат Бесқарағай ауданында Канонерка, Беген, Бос­тал және Қарабас ауылдарын­дағы дәрігерлік амбулатория­лар­дың жағдайымен танысты. Боро­ду­ли­ха аудандық мәслихатының депутат­тарымен кездесуде Сенат­тың үшінші сессиясының қоры­тын­дылары туралы хабардар етті. Сонымен қатар Камышенка ауыл­ында 100 орындық демалыс орта­лығы құрылысының барысымен танысты. Сенатордың айтуынша, мұндай жобалар ауылдық аумақ­тар­дың мәдени әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. 

Сенатор Ольга Булавкина Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай, Қатонқарағай және Үлкен Нарын аудандарында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері­мен және тұрғындармен кездесті. Өңірде салынып жатқан нысан­дар­дың сапасы, сондай-ақ мем­лекет­тік бағдарламалар аясындағы қар­жыландыру мәселелері кезде­су­дің басты тақырыбы болды. Де­путат сонымен қатар Полянское ауыл­ындағы сүт фермасында, Ал­тай Хамир» жаңа туристік базасы­ның құрылыс алаңында болды. Жо­ба «Ауыл аманаты» бағдарлама­сы бойынша жүзеге асуда және ке­л­е­шекте тұрғындардың отбасы­лық демалыс орнына айналуға тиіс. Депутат сонымен қатар Қа­тон­қарағай ауданында су құбырын жаңғырту жұмысымен де танысты.  Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов Шемонаиха ауданында болды. Олар жұмыс сапары бары­сында бірқатар инфрақұрылымдық және өндіріс нысандарын аралап, жергілікті тұрғындармен кездесті. 

Сенаторлар Наурызбай Байқа­дамов пен Руслан Рүстемов Қызы­лорда облысындағы Қармақшы және Қазалы аудандарында бол­ып, әлеуметтік маңызы бар жоба­ларды іске асыру барысымен танысты. Халықпен жүздесулерде өзекті мә­селелер талқыланды. Депутаттар Қармақшы ауданында Дүр Оңғар, Иіркөл және Төребай би ауылдар­ында газ жеткізу барысына назар аударды. Сенат­ор­лар күрішті өңдеу­ге мамандан­ған «Жаңажол» ЖШС-да болды. Онда технология үдерісі, еңбек жағдайы және өндір­іс көрсеткіш­терімен танысты. Де­пу­тат­тар рес­публикалық ма­ңызы бар ескерт­кіш орналасқан Жан­кент ауыл­ын­да жергілікті тұр­ғындармен, мәдениет және білім саласының өкілдерімен кез­десті. Руслан Рүс­темов Қызылорда облысындағы Жаңақорған аудан­ы­ның көпсала­лы ауруханасында болып, мекеме басшылығымен және ұжымымен кездесті. Сенатор өткен парла­мент­тік сессияның қорытынды­лары және дәрігерлерді әлеуметтік қорғауды күшейтуге бағытталған заңнамалық бастама­лар туралы айтып берді. Кездесуде медицина қызметкерлерінің қауіп­сіздігі мәселесіне баса назар аудар­ылды. Сенатор медицина қызмет­кер­леріне зорлық-зомбылық көрсет­кені үшін жазаны қатаңдату жөн­індегі Парламент депутат­тарының, дәрігерлер қауымы мен азамат­тардың заңнамаға өзгерістер ен­гізу туралы ұсыныстарын Мем­лекет басшысы қолдағанын атап өтті.

Сенат депутаты Андрей Лукин iKOMEK 109 – «Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және әрекет ету орталығында» бол­ды. Онда  орталықтың қазіргі қыз­метімен, цифрлық сервис­тердің мін­детімен, азаматтардың өтініш­терін өңдеу, елорданың шұғыл және коммуналдық қыз­меттерімен өзара іс-қимыл теті­гімен танысты. Сена­тор сонымен қатар Нұра және Есіл астаналық аудандарының басшы­лы­ғымен және активімен кездесу­лер өт­кізді. Оның барысында аумақтар­ды дамыту, абаттандыру, әлеумет­тік инфрақұрылым және халықпен өзара іс-қимылдағы басымдыққа ие мәселелер тал­қыланды. іKOMEK жүйесі арқылы келіп түскен өтініштерді талдау және аудандық деңгейде шешімдер іздестіруге ерекше назар аударылды.

Айна ХАСАН