Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде өрт шықты
Куәгерлер ұсынған сурет
1,020
оқылды

Ведомство мәліметінше, Әуезов ауданында орналасқан екі қабатты сауда орталығының екінші қабатында екі бутиктен өрт шыққан.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде ғимараттың терезелерінен қою қара түтін шығып жатқан.

"Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында өрттің көрші бутиктерге таралуына жол берілмеді", – делінген хабарламада.

Өрт ТЖМ қызметкерлерінің күшімен толық сөндірілді. Оған 57 адам мен 15 техника бірлігі жұмылдырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.