Өңірде құрғақ шөп отқа оранған, - деп хабарлайды Аikyn.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Жетісу облысында таулы аймақ өртеніп жатыр
Фото: 24kz
3,550
оқылды

Жетісу облысына қарасты Алакөл ауданы Көкмойын шатқалындағы таулы жерлерде құрғақ шөп жанып жатыр.

Қазір өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің қызмет күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Ал жергілікті департамент пен орман шаруашылығының жеке құрамынан 90-ға жуық маман және 10 арнайы техника жалынды ауыздықтауға кірісті.

Сонымен қатар өрт қарқынын бақылап, оны әуеден сөндіру үшін МИ-8 тікұшағы тартылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.