«AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру Батыс Қазақстан облысында жүйелі түрде жалғасып келеді. Жол картасы аясында Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданына қарасты Бірлік ауылында дәрігерлік амбулатория салтанатты түрде ашылды.
Бірлік ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды
1,090
оқылды

Жаңа медициналық нысанның ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқар­масының басшысы Мадияр Утешов, Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаев, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық фи­лиалы атқарушы хатшысының орынба­са­ры Афиза Семгалиева, медицина арда­гер­ле­рі, мекеме басшылары және ауыл тұр­ғын­дары қатысты.

«Бұл жаңа медициналық пункт – Бірлік ауылының тұрғындарына медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және қол­жетімділігін арт­тыруға бағытталған ма­ңызды жоба. Енді ауыл тұрғындары өз ауылынан шықпай-ақ заманауи әрі ыңғайлы жағдай­да медициналық көмек ала алады», – деді «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан об­лыстық филиалы атқарушы хатшысы­ның орынбасары Афиза Семгалиева.

Медициналық мекеме заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, қабылдау бөлмесі, күндізгі ем қабылдау бөлмесі, емдеу бөлмесі, вакцинация кабинеті, туберкулезге қарсы кабинеті және физиотерапия кабинеті бар.

Жаңадан ашылған дәрігерлік амбулатория – Батыс Қазақстан облысындағы «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағ­дарламасының аясында жүзеге асы­рылған маңызды жобалардың бірі. Бұл қадам ауыл тұрғындарының ден­саулығын жақсартуға, медициналық көмекке қолжетімділікті арттыруға ба­ғытталған.  

Елнар ЕЛТАЙ