Алматы: Облыстан қатынайтын жұмысшыларды қалаға кіргізбейді
Алматы: Облыстан қатынайтын жұмысшыларды қалаға кіргізбейді
Фото: Интернеттен алынды
177
оқылды
Алматыға облыстан қатынайтын жұмысшыларға жұмыс берушілер ақылы демалыс беруі керек.
Қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев: «Қазір қала әкімдігі үшін ең басым бағыттардың бірі – жұмыс орындарын сақтап қалу. Көп жұмыс орындарының қызметкерлері облыстан қатынайды. Егер жұмыс берушіде мүмкіндік болса, оларды 1 айға ақылы демалысқа жіберу керек. Егер оған мүмкіндік болмаса, жұмыскерлерге Алматыдан уақытша орын тауып, орналастыру керек. Қазір жатақхана, хостел, қонақ үйлер босап жатыр. Карантин кезінде облыстан қатынайтын қызметкерлерге арнайы рұқсат берілмейді. Жұмыс берушілер қазірден бастап түнгі 24.00-ге дейін осы мәселені шешуі тиіс», – деді С.Тұяқбаев.
Айта кетейік, бүгін Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин енгізіледі.