Nur Otan партиясы праймериз өткізуді 2020 жылдың 15 сәуірі мен 30 мамыры аралығына шегерді.
Партияішілік іріктеу өткізуге онлайн-технологиялардың мүмкіндігін қолдану шаралары қаралуда.
«Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына карантин енгізілуіне байланысты партияішілік іріктеу – праймериз өткізуді 2020 жылдың 15 сәуірі мен 30 мамыры аралығына шегеру туралы шешім қабылданды. Орталық аппарат праймериз өткізу ісіне онлайн-технологиялардың мүмкіндігін қолдану шараларын қарастыруда. Партияның саяси кеңесінің отырыс болмайтын болғандықтан, праймериз өткізу тәртібін бекіту жұмысына дауыс беру сырттай жүргізілмек», – деді Nur Otan партиясының баспасөз-хатшысы Тимур Базарбаев sputniknews.kz сайтына берген жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін Nur Otan праймериз өткізуді 2020 жылдың 30 наурызы мен 16 мамырына жоспарлаған болатын.