Қазір елімізде құқықтық саясатты жетілдіру – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі. Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, іздеудегі адамдарды анықтау және заң үстемдігін орнықтыру бағытында бірқатар маңызды қадам жасалып жатыр. Бұл өзгерістер – Мемлекет басшысының нақты тапсырмалары негізінде жүзеге асуда.
Заң үстемдігі – ұлттық басымдық
4,874
оқылды

Соңғы жылдары іздестіру жұ­мы­сын реттейтін нормативтік-құқық­тық база жетілдіріліп, құ­қық қорғау органдарының жұ­мысы заманауи цифрлық құрал­дармен күшейтілді. Енді іздеуде жүрген адам мемле­кеттік немесе өзге де қызметтерге жүгінген сәтте мемлекеттік орган­дар іздеу бас­тамашыларына авто­матты түрде хабарлама алады. Бұл жүйе іздеу­дегі адамдарды тез арада анықтап, ұстауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бет-әлпетті тану функциясы бар бейнебақылау ка­мер­а­ларының мүмкіндіктері кең­ейтіліп, қауіпсіздікті бақылау жүйесі жаңа деңгейге көтерілді.

Бюджет қаражатын тартпай-ақ, азаматтық қоғаммен бірлесіп, халық көп жиналатын орындарға 3 мыңнан астам бейнекамера ор­на­­тылды. Бұл – құқықтық саясат­тағы мемлекеттің қоғаммен тиімді серік­тестігінің жарқын көрінісі. Нәтижесінде, 2024 жылы дәл осы камералардың көмегімен 72 қыл­мыскер ұсталды.

Қазақстан құқықбұзушыларды шетелден қайтару бағытында да белсенді жұмыс атқарып келеді. 2024 жылы аса ауыр қылмыс жа­са­ғаны үшін 28 адам шетелдік юрис­дикциядан елге қайтарылды. Бұл еліміздің құқық қорғау жүйе­сі­нің халықаралық деңгейде нәти­желі әрекет етіп жатқанын көрсе­теді.

Биылғы жыл басынан бері із­дестіру шаралары нәтижесінде 706 адам ұсталды. Олардың ішінде 14 адам – адам өлтіру бойынша, 13 адам – есірткі сату, 34 адам – тонау, 141 адам – алаяқтық, 269 адам ұрлық фактілері бойынша жауап­кер­шілікке тартылды.

Құқықтық саясатты тиімді жү­зе­ге асыру – заң үстемдігін қам­тамасыз етіп қана қоймай, азамат­тардың өмір сүру сапасын арт­тыру­ға бағытталған ұзақмерзімді страте­гия. Мемлекет пен қоғам­ның бір­лескен әрекеті, техноло­гиялық мүмкіндіктердің тиімді қол­дан­ылуы – қылмыстың алдын алуға және әділеттілікті қамтама­сыз ету­ге жол ашады. Бұл бағыт­тағы жұ­мыстар алдағы уақытта да жал­ғасып, Қазақстанның қауіпсіз әрі құқықтық мемлекет ретінде дамуы­на үлес қоса бермек.