Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай аясындағы тапсырмаларының орындалуы Президент Әкімшілігінің бақылауында болады.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин министрлік басшыларын жинады
331
оқылды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің IV Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жиын өткізді, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. 

Осыған  жауапты министрліктер басшылары мен Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері жинап, есебі тыңдалды. 

Бурабайдағы Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар бойынша заң жобаларын, «Қазақстан балалары»  бағдарламасын, ішкі саясат саласындағы концептуалдық құжатты әзірлеу, сондай-ақ өңірлерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелеріне айрықша мән берілді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай аясындағы тапсырмаларының орындалуы Президент Әкімшілігінің бақылауында болады. Олардың жүзеге асырылу барысы бойынша жиналыс тұрақты түрде өткізіледі.