Қосшыда "қарызын жасыру" үшін енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізіп, жалған ұрлық ұйымдастырған әйелдің әрекеті әшкере болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Ақыры қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін Қылмыстық кодексінің 419-бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұндай қылмыс үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.