Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Үй жинауға шақырған»: Шымкентте отбасылы әйелді 16 жерінен пышақтап, қоқысқа тастап кеткен
1,339
оқылды

Шымкентте жоғалып кеткен жас әйелдің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Lider.kz волонтерлері мәлім етті. 26 жастағы Дияна Оңғарбаева 21 шілдеде үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Полиция жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазір аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барлық мән-жайды анықтауға бағытталған», - делінген хабарламада.

Бұл оқиға туралы:

"Құрметті оқырмандар! 

Өкінішке қарай, біз іздеген Шымкент қаласының тұрғыны өлі табылыпты.

17 жасар жігіт 16 жерінен пышақтап өлтіріп, мусорға тастап кеткен, 10 күн болыпты, телеграмм каналына “жұмыс  бар” деген, үй жинау керек деп салған екен,  қыз сол хабарландырумен барған.

Өте ауыр жағдай(( 

Екі кішкентай қызы мен жолдасы қалды артынан",-деп жазды Ләззат Рақышева.