Нутрициолог таңертең ішкен су асқазан-ішек жолын шайып шығатынын айтып отыр.
Салқын су ішсе ішектің қан айналым процесі бұзылатыны рас па?
796
оқылды

Газды суды, энергетик сусынды салқындатып ішіңіз дейтін жарнамалар адамның эмоциясына ықпал етеді. Бірақ Нутрициолог және балалар дәрігері  Әйгерім Әбіл салқын су ағзаға өте зиян дейді,  деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Baribar.kz сілтеме жасап.

Нутрициологтың айтуынша, салқын су бәрібір шөл қандырмайды. Шөлді қызуы бөлме температурасымен бірдей су басады.

Дененің сыртқы температурасы 36-37 градус. Ал ішкі органдардың температурасы  37-42 градус аралығында. Демек, ағза 42 градусқа дейінгі ыстық суды іше алады, күйіп қалмайды. Ал сондай жоғары температурасы бар ағзаға салқын суды құйып жіберсе, ағзаның бұлшық еті жиырылып қалады. Мысалы, асқазан-ішектің бұлшық еті жиырылып қалса, ішекке қоректік зат беретін қантамырлары да жиырылып қалып, ішектің өзінің қан айналым процесі бұзылады,  дейді Әйгерім Әбіл.

Әйгерім Әбіл фильтр арқылы тазарған су ішу керек екенін айтып отыр. Ал фильтрден өткізіп ішетіндей жағдай болмаса, суды қайнатып ішуге болады.

 Таңертең тұрғанда аш қарынға су ішеміз. Су салқын болмауы керек. Қалыпты жағдайда, температурасы бөлменікімен бірдей немесе одан да жылы болғаны жөн. Ал асқазан-ішек жолдарын емдеп жүрген адам қызуы 40-45 градустағы су ішкені дұрыс. Әдетте, шипажайларда қызуы 22 градус, 36 градус және 42 градус болатын суды қойып қояды. Әркім өзіне қажетін алып ішеді,   деді дәрігер.

Нутрициолог таңертең ішкен су асқазан-ішек жолын шайып шығатынын айтып отыр. Оған қоса, жасушалар түнімен зат алмасу процесіне қатысқандықтан, таңертең су қажет етіп тұрады. Су ас қорытуға қатыспайды, дегенмен асқазан, өт, ішектен ас қорытатын сөл білінуі үшін ағзадаға су мөлшері жеткілікті болуы керек.