Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батысына антициклон ықпалы жетіп, жауын-шашын тоқтайды деп күтіледі.
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Фото: ашық дереккөз
992
оқылды

Қазақстанның қалған өңірлерінде циклон әсері сақталып, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауып, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша жел күшейіп, кей жерлерде дауыл тұрады.

Оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады деп болжануда.

Солтүстік пен орталықта түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Күндіз Атырау облысында – 35-38 градус, Маңғыстау облысында – 38-40 градус, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 35-36 градус аптап ыстық күтіледі.

Абай облысында, Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының солтүстігінде және Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ Түркістан, Алматы, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының бірқатар бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.