Танымал боксшы қыз жаттығу залынан түсірілген суретін Instagram парақшасына жариялап, жазба қалдырды.
"Егер сен өз ісіңді сүйсең – бәріне төзесің. Басқаларға мүмкін емес көрінетін нәрселердің өзін еңсеруге болады", – деп жазды Назым.
Бұл сөздер тек спортшыларға емес, кез келген адамға арналған мотивацияға айналды.
Назым Қызайбай – Қазақстан әйелдер боксы тарихындағы ең титулды спортшы. Ол – әлем чемпионатын үш мәрте жеңіп алған алғашқы және әзірге жалғыз қазақстандық әйел боксшы.
Соңғы жетістігі – 2025 жылы Астанада өткен World Boxing Кубогының алтын медаль иегері.
4-14 қыркүйегі аралығында Ливерпуль қаласында бокстан әлем біріншілігі өтеді. Назым Қызайбай осы турнирде Қазақстан намысын қорғайтын басты үміткерлердің бірі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.