Бұл кейінгі 2 апта ішіндегі көрсеткіш.
Италияда Батыс Ніл вирусынан 10 адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөз
1,621
оқылды

Ал жыл басынан бері 32 адам вирус жұқтырған. Жағдай, әсіресе, Лацио, Салерно, Кампания аймақтарында күрделі.

Жалпы, Еуропа бойынша аталған вирус Италиядан бөлек, Грекия, Румыния, Болгария және Францияда тіркелген. Бұл вирусты негізінен кулекс масалары таратады.

Бұл жәндіктер көбіне су қоймаларында мекен етеді. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, бұл инфекция 60 жастан асқандар мен иммунитеті төмен адамдар үшін өте қауіпті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, 80% жағдайда инфекция толығымен симптомсыз өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.