Жамбыл облысында алқаптағы 2 мың тонна қарбыз шіріп, диқандардың еңбегі зая кетті.
2 мың тонна қарбыз шіріп кетті
Фото: ашық дереккөз
5,297
оқылды

Биыл өнім мол болған, алайда  шаруалар өткізіп үлгермеген.

Әсіресе, Талас ауданындағы Бостандық және Талапты ауылдары «қарбыздың отаны» саналады.  Диқандар көтерме сауда жүрмегендіктен, түйірлеп сатады. Оған бірнеше күн кететіндіктен, қалған өнім бұзала бастайды.

Шаруалар  өнімінің 200 тоннасын өткізіп үлгерген, қалған 2 мың тонна қарбыз жарамсыз болып қалған.

Кәсіпкерлік басқармасындағы жауапты мамандар қарбыз мәселесі биыл алғаш рет көтеріліп отырғанын айтты. Дегенмен келесі жылы көмектесуге әзірміз. Ол үшін  диқандар алдын ала өтініш беруі тиіс.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.