АҚШ-тағы жасанды зердені зерттеу институтының директоры Нейт Соарес осындай жорамал жасап отыр.
Оның айтуынша, келешекте адамдар күрделі цифрлық жүйелердің жұмыс істеуін бақылай алмауы мүмкін. Бұл адамзат үшін күтпеген салдарға әкеледі.
OpenAI, Google, Meta сынды жетекші технологиялық компания мамандарының пікірлері де осыған саяды. Олар: «Жасанды зерде адамдар түсінбейтін әрекеттерге көшкен кезде бәрі кеш болады», – дейді.
Мәселен ғалымдар жасанды интеллекті шектен шығып, қарулы күштердің құрлықаралық зымырандар жүйесін бақылауға алуы мүмкін деп қауіптенеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.