Ертең, яғни 5 тамыз күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Күн тәртібі:
сауда саласын цифрлық трансформациялау барысы мен даму болашағы;
ана мен бала өлімін азайту бағытында қабылданып жатқан шаралар.
Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:
- Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев,
- Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун қатысады.
Үкімет отырысын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube-тегі ресми арнадан, Facebook әлеуметтік желісінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көруге болады.
Баспасөз конференциясының тікелей көрсетілімі YouTube ресми арнасынан және Facebook әлеуметтік желісінен таратылады.