Егер әншімен келіссөз жүргізу мүмкін болса, Қазақстанға тағы да бір әлемдік мегажұлдыз келуі ғажап емес.
Джей Лодан кейін Қазақстанға Шакира келуі мүмкін
Getty Images
1,547
оқылды

Қазақстанға Дженнифер Лопестен соң іле-шала әлемдік супержұлдыз Шакира келіп концерт қоюы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты baq.kz-ке сілтеме жасап.

Мен сіздерге кішігірім құпияны ашайын. Біз онымен (Шакира – ред.) келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұйырса, күзде белгілі болады. Жаңалық күтіңіздер, - деді ол әншінің Астанаға келуі мүмкін екенін тұспалдап.

Егер әншімен келіссөз жүргізу мүмкін болса, Қазақстанға тағы да бір әлемдік мегажұлдыз келуі ғажап емес.

М. Хасеновтің айтуынша, келіссөздер белсенді жүргізіліп жатыр және соңғы шешім биыл күзде қабылданады.