Астанада әйелді көліктің жүксалғышында тасымалдаған ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Аikyn.kz хабарлады.
Оқиғаның куәгерлері жағдайды видеоға түсіріп, желіде жариялаған. Онда ер адам жүксалғышта жатқан әйелмен сөйлесіп тұрады. Артынан жүксалғышты тарс жауып, көлікке мініп, кетіп қалады.
"Аулада ұрсысып тұрды, әйел жүксалғышқа өзі мініп алған", – делінген бейнежазбада.
Елордалық Сарыарқа аудандық полиция бөлімі құқықбұзушының осы факті бойынша жауапқа тартылғанын хабарлады.
"Осы құқықбұзушылықты жасағаны үшін сот әкімшілік жаза тағайындады. Қазір құқықбұзушы Астана қалалық Полиция департаментінің әкімшілік қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады полицейлер.
