Белгілі әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде өзінің руы туралы айтып, жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
"Моңғолия сапарынан алған әсерім ерекше. Шыңғыс ханның ескерткішіне бара жатқан жолда бір топ әскерилерді көріп ерекше әсерде қалдым, құдды бір баяғы заманға түсіп кеткендей сезімде жүрмін. Ертеде шынымен осылай жүрді ғой. Шыңғыс ханның анасы Қоңыраттың қызы. Мен де сол ұрпақтанмын. Сол себепті қоңыраттарды ренжітпеңдер.
Шыңғыс ханның алтын жалатылған хан мүсініне құрмет ретінде алдымен кіріп, алдымен шығасың. Бұл мүсінде бір мыс бар, көз алмай қарап, оның тарихтағы күшін ескеріп отыра бересің", – деп жазды әнші.