Арсен есімді жігітке тұрмысқа шыққан әзілкеш, жайдарманшы Мереке Қалбаева инстаграм желісіндегі парақшасына жылап түскен суреттерін салып, мұңды сөздер жазып, жұртты ойландырып қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Кейде сен мүлдем қаламаған дүниелер болады. Қабылдайсың, әрі қарай өміріңді сүресің. Келесі аялдамаға жалғыз кеттім... Әзірге не болғанын айтпай-ақ қояйын. Мен кінәлімін, соны ғана айтайын. Шынымды айтсам жылап жататын уақыт жоқ. Бірақ, біз, әйелдер тек жыласақ жеңілдейміз ғой. Ал мен тіпті ақырам. Түрден түр қалмады. Балапандарым үшін өмір сүремін. Осылар үшін сынбай, әрі қарай қимылдауым керек. Өмірдің заңы ғой, біз қаламаған дүниелер болады осылай. Қабылдамаймын деп отыра бере алмайсың. Депрессия болып жатып алатын мен жас қыз емеспін. Олай жасасам мына балаларды кім асырайды? Осы кішкентай жүректерім үшін сынбауға тырысамын. Әйел деген мықты халықпыз ғой, негізі. Бірақ мықты болып та шаршайды екенсің. Шаршамауым керек, сынбауым керек, тоқтамауым керек», – деп жазды ол.