Алмалы ауданының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы бір бойжеткенмен танысып, арада көп уақыт өтпей-ақ одан үйге қонаққа шақырту алады.
«Танысып, бірден қонақүйге шақырады»: Алматылық қыз ерлерді сыбайластарымен бірге тонаған
1,256
оқылды

Алматы қаласында ер адам интернет арқылы танысқан қызбен кездесуге барып, оны тонап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алмалы ауданының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы бір бойжеткенмен танысып, арада көп уақыт өтпей-ақ одан үйге қонаққа шақырту алады. Күдіксіз келісім берген ер адам алғашқы кездесуге келген.

Алайда қыздың үйінде тосын жағдайға тап болады: кенеттен пәтерге бойжеткеннің таныстары кіріп келіп, жәбірленушіні қорқытып, жеке заттарын тартып алған. Оқиғадан кейін күдіктілер оқиға орнынан бой тасалаған.

“Мұндай қылмыстық тізбек бұған дейін де қаланың басқа аудандарында тіркелген. Азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде, әсіресе алғашқы кездесулерде, аса мұқият болуға шақырамыз”, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қылмысқа қатысы бар үш адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аталған факті бойынша тонау бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.