Оқыс оқиға Жібек маталар комбинаты шағынауданындағы Көкжал Барақ көшесінде тіркелген.
Өскемендегі оқыс оқиға: 4 жасар бала жоғары қабаттан құлап түсті
655
оқылды

Алдын ала мәліметке сәйкес, бала үйде ересектердің қарауынсыз қалған сәтте терезеден құлаған. Дәрігерлер оның түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түскенін растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты www.inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

– Бүлдіршін бастапқыда жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі таңда жағдайы орташа ауыр, қажетті ем қабылдап жатыр, – деді Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Ал облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биыл жыл басынан бері өңірде 7 бала терезеден құлап кеткен. Құзырлы органдар ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады.