Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы баланы ұрып-соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
– Қарағанды облысында 9 жасар балаға қатысты жасалған зорлық әрекеттері бойынша Ішкі істер министрлігіне жүгіндім. Баланың анасымен байланыстамын, – деп жазды Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін Балқаш қаласының тұрғыны анасы ұлына қатысты зорлық-зомбылық жасалғанын хабарлаған еді. Оның айтуынша, сегіз жастағы баласына ересек адам дене жарақатын салып, соққыға жыққан, саусақтарын сындырған.