Елімізде кәсіби мерекелер тізімі жаңартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді деген телеарна жаңа кәсіби мерекелердің тізбесін жариялады.
Жаңа редакцияға сәйкес, кәсіби мерекелер тізбесіне 5 атаулы күн қосылды. Олар:
Қазақстан қолөнершілер күні – 7 шілде;
Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері күні – 9 шілде;
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкері күні – 15 қыркүйек;
Қоғамдық тамақтану саласы қызметкері күні – 20 қазан;
Қазақстан кәсіпкерлері күні – 29 қазан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.