Күміс адам денсаулығына пайдалы.
Тамақ адал болу үшін әйел адамның қолында жүзік болуы керек пе?
www.istockphoto.com
2,492
оқылды

Ұмыт болып бара жатқан ұлттық әшекей бұйымдарын жасап жүрген зергер Икрамжан Рафи­ков күмістен жасалған әшекей-бұйымдардың денсаулыққа пайдасы зор дейді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сондықтан болар зергер күмісті мейірімді металл деп атайды екен.

– Алғаш рет зергерлік бұйымымды күмістен жасаған едім. Мельхиордан да жасадық. Бірақ одан көбіне тұрмыс­тық заттарды жасайды. Ал қазір әше­кейлер күмістен жасалғаны дұрыс. Өйткені күміс адам денсаулығына пайдалы. Оның құрамында микробты жоятын қасиет бар. Баяғыда әжелері­міз қолына қос білезік таққан. Себебі адам­ның қан қысымы жоғарылаған кезде әлгі білезік қарайып, қан қысымын реттейді.

Тіпті, халық арасында тамақ адал болуы үшін әйел адамның қолында күміс жүзік болуы керек деген сөз де таралған. Осы үшін де күмісті «мейірімді металл» деймін. Кейде әшекейді сәндеу үшін алтын жалатып, тастардан сердолик, бирюза мен халцедон пайдаланамыз. Бұл тастардың түсі мен энергетикасы қа­зақ болмысына жақын келеді. Күмістің алтыннан бағасы әлдеқайда төмен. Айырмашылық мынада: егер ал­тыннан жасалған әшекей болса, оның салмағына қарай мән беріп кетеміз, ал егер күмістен жасалса, онда оның түріне, формасына қызығушылық пайда болады. Қарап отырсақ, әшекейлерді тек күмістен жасау бұрыннан қалыптасқан. Құрметті, бай адамға тарту, жоралғы беретін кезде сол күмістің үстінен алтын жалатылған, – деді зергер Икрамжан Рафи­ков.